Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды

24.04.2023

Алаяқтарға алданғандар азаяр емес. Үш айда қазақстандықтар 3 млрд теңгесінен айырылған. 4 мыңнан аса факт тіркелді. Қылмыстың ордасы – онлайн сауда. Түрлі платформалардың веб сайттары мен әлеуметтік желілерде жұрт әккілердің тұзағына түсіп жатыр. Оңай олжаға кенелемін деп оңбай қателескендер көп. Жыл басынан бері 500-ден аса адам табан астынан тақырға отырған. Айылын жимайтын алаяқтар ірі компаниялардың атын жамылып, халықты қанап әлек. Тағы бір қауіпті қадамы – банк атынан қоңырау шалады. Әсіресе, шетелден шабуыл көп. Соңғы 3 айда 15 млн қоңыраудың жолы кесілді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу