Қазақстандықтар шетелге жиі ақша жібере бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар шетелге жиі ақша жібере бастады

18.01.2022

Қазақстандықтар шетелге жиі ақша жібере бастады. Экономиканы бақылау жөніндегі жоба осындай мәлімет таратып отыр. Олардың дерегі бойынша, былтырғы 11 айда жеке тұлғалардың шетелге жіберген ақша аударымдары 921,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға артық. Қаражаттың басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей елдеріне жіберіліпті.

Ал шетелден алған қаражат көлемі, керісінше, өзгермеген.  


Хабарламаларға жазылу