Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін қабылдады

23.09.2022

Дархан Сатыбалдының мәліметінше, жыл басынан бері өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жеткен. Жалпы құны 13 миллиард теңгеге жуық 26 инвестициялық жоба іске қосылған. Ауыл шаруашылығы саласында 477 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ 8 айда 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осының арқасында биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілмек. Президент облыста қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.


Хабарламаларға жазылу