Жазушы, драматург Қалмұқан Исабаев 90 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы, драматург Қалмұқан Исабаев 90 жасқа толды

25.08.2015
Жазушы, драматург Қалмұқан Исабаев 90 жасқа толды

Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еткен ардагер-жазушы Қалмұқан Исабаев 90 жасқа толды.

Қырыққа жуық кітап жазған қаламгер ескі дүниеге қарсы күрескен қарапайым қазақ әйелі Айқыз Көшімбаева, Екібастұз көмірін ашқан халық геологы Қосым Пішенбаев, әділдігімен аты шыққан Шоң би Едігеұлы есімдерін тарихта қалдырған.

Жазушының «Өтелген парыз» атты кітабы жарық көрді. «Азаттық үшін күрес - бізге тиген үлес. Ендігі ұрпақ осы азаттықты қорғау жолында күрессін», - дейді Қалмұқан Исабаев.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу