Елордада өтіп жатқан халықаралық кітап көрмесі аясында «400 тәтті тақпақ» балалар кітабының таныстырылымы өтті. Авторы Баянғали Әлімжанов оқырмандарға қолтаңба қалдырып, бүлдіршіндерге батасын берді. Кітапта ақынның соңғы он жыл ішінде жазған шығармалары қамтылған. Балалар үшін қызықты, мағыналы әрі өнегелі. Отан, отбасы, ана тілі мен ұлттық құндылықтар секілді түрлі тақырыпта өлең жазбас бұрын ұстаздармен кеңестім. дейді автор. 126 беттен тұратын жаңа туынды балабақша жасындағы бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына арналған. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үшін де көмекші құрал.
Баянғали Әлімжанов, кітап авторы:
Кітаптың бір жақсы жері – қысқа, нұсқа. Жаттап алуға ыңғайлы. Қарапайым тілмен жазылған. Және де өлеңді тапқыр қылуға тырыстым. Қазақ тілінің әуені сыңғырлап, балалар ана тілін сүйіп өссін деген тілекпен жазылды. Бұл Баянғали аталарыңның қазақ балаларына сыйы.
Жансая Шыңғысханқызы, оқырман:
Автордан қолтаңбасын алып, қуанып тұрған жәйім бар. Бірінші бетінен бастап, өлеңдерін ақтарып шықтым. Өте тамаша. Әртүрлі тақырыпты қамтыған. Ата-аналар үшін балаларына бағыт-бағдар беретін керемет құрал деп айта аламын.
Дарын Сағитов