Қарағандыда «Қара орамал» кітабының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Қара орамал» кітабының таныстырылымы өтті

31.05.2014
Қарағандыда «Қара орамал» кітабының таныстырылымы өтті
 
29 мамыр күні Қарағандыда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші  орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші өтті.
 
Ақиық ақынның нәубет жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» аза дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көрген болатын.
 
Аталмыш кітаптың тұсауын белгілі қоғам қайраткері Қасымбек Медиұлы кесіп, ақынға шалқар шабыт тіледі.
 
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Жұмабеков, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы поэма-реквием туралы  орамды ой қозғап, шырайлы шығарманың құндылығын сөз етті.
 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өткен аталмыш кешке Ғалым ақынның қаламдас аға-бауырлары, Арқа жұртшылығына аты мәлім белгілі өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу