Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

20.04.2023

Бүгін Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып отыр. Апат кезіндегі эвакуациялау жолы, қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау жайы түсіндіріледі.Сейсмикалық қауіпті аймақ тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейі тексеріледі. Айта кетейін, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Жыл сайын 200-ге жуық әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Сейсмология институтының мәліметінше, жыл соңына дейін шаһарда 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі болмайды. Сондықтан бүгінгі шара жер сілкінісі болады дегенді білдірмейді.

Хабарламаларға жазылу