Шымкентте 8 мың оқушы үйірмелерге тегін қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 8 мың оқушы үйірмелерге тегін қатысады

18.04.2023

Шымкентте 8 мың оқушы өнер мен спорт үйірмелеріне тегін қатысады. Мегаполисте білім беру жүйесін дамытудың жол картасы аясында биыл мамырда «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» іске қосылады. Бағдарлама арқасында Шымкентте балалардың қауіпсіздік мәселелері де жақсарып келеді, дейді жауаптылар. Білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесі, турникет, жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймесімен толық жабдықталды. Қазір қаладағы барлық мектеп I-ші дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын цифрландыру қарқыны артқан. Қала мектебінің бәрінде интернет жылдамдығы өскен.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу