Елде бензин мен дизель қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде бензин мен дизель қымбаттады

17.04.2023

Елімізде бүгіннен бастап бензин мен дизель қымбаттады. Бағаны көтеру туралы шешім бұған дейін қабылданғанымен, жанармай бекеттеріндегі табло енді өзгере бастады. Жұрт ең көп тұтынатын Ай-92 енді 205 теңге, Ай-95 223-224 теңге тұрады. Ал солярка 295 теңге төңірегінде. Айта кетейін, бұған дейін Энергетика министрлігі жанармай бағасының қымбаттауын мәжбүрлі шара деп атаған еді. Өйткені көрші елдерде баға әлдеқайда жоғары болғандықтан кәсіпкерлр бензинді сыртқа тасымалдауға әуес болды. Енді бағаны көтеріп, тапшылықтың алдын алдық дейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу