Жанармай бағасының өсуіне импортқа тәуелділік себеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармай бағасының өсуіне импортқа тәуелділік себеп

13.09.2017

Бензин бағасы қымбаттады. Үлкен жанармай құю желілерінде АИ-92, яғни, жоғары сұранысқа ие жанармай маркасының литрі 147-149 теңгеден сатылып жатыр. Елімізде АИ-92-нің 30, ал, дизель отынының 15 пайызы Ресейден импортталады. Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтатылуы ұсыныстың азаюына әкеп соқтырды. 20-қыркүйектен бастап Павлодардағы зауыт та уақытша тоқтайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бағаның қымбаттауына осы факторлар әсер еткен.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу