Президент Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

15.04.2023

Жастарымыз біліммен қатар, спорт саласында да үлкен жетістікке жетіп жатыр. Күрестен Азия чемпионатында жерлестеріміз үздік шықты. Мемлекет басшысы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Олардың алдағы уақытта да, аламан жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, отандастарын қуанта береріне сенім білдірді.

Құттықтау хатта «Сіздер байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтаттыңыздар. Бұл – табандылық пен қайсарлықтың, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз», деп жазылған.

Азия чемпионатының қортындысы бойынша Күрестен Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Ел қоржыны 7 алтын, 4 күміс және 9 қола медальмен толықты.

Жапония мен Иран екінші және үшінші орынға тұрақтады. Сәуірдің 9-ы мен 14-і аралығында өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатына 22 елден 331 спортшы қатысты.


Хабарламаларға жазылу