Ертең XVII Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең XVII Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді

16.10.2014
Ертең XVII Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді

Ертең Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ә. Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіхалықова, облыс басқармаларының басшылары, спорт түрлері бойынша Ұлттық федерация басшылары, XVII Жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан Республикасының спорт делегациясының жаттықтырушылары мен мүшелері қатысады.

Инчхонда өткен XVII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль (28, 23, 33) жеңіп алып, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.

Бағдарламада спортшылар бен жаттықтырушыларды марапаттау, Ұлттық музейдің негізгі залдары бойынша экскурсия, концерттік бағдарлама қарастырылған.

Фото: kazpravda.kz

Хабарламаларға жазылу