Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген көлікті спорт кешеніне тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген көлікті спорт кешеніне тарту етті

22.10.2014
Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген көлікті спорт кешеніне тарту етті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі жеңілатлетикалық кешенде Азиада ойындары мен Әлем чемпионатының жүлдегерлерін, олардың бапкерлерін марапаттады.

Облыс әкімі жүлдегелерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Марапатталғандардың ішінде Расул Қалиев, Дастан Ықыбаев, Полина Михайлова, Дмитрий Грязнов, Зере Бектасқызы және Алина Белан бар.

Айта кету керек, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және Азия ойындарының жүлдегері Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген «Shkoda Rapid» автокөлігінің кілтін сол жерде жеңілатлетикалық спорт кешені директоры Денис Рыпаковқа тарту етті.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу