Үндістанның Пенджаб штатындағы әскери базада атыс болып, 4 сарбаз қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Пенджаб штатындағы әскери базада атыс болып, 4 сарбаз қаза тапты

12.04.2023

Үндістанның Пенджаб штатындағы әскери базада атыс болып, 4 сарбаз қаза тапты. Кімдердің оқ атқаны әзірге белгісіз. «Рейтер»-дің хабарлауынша, оқиға Бхатинде қаласындағы әскери базаның асханасында болған. Қазір жауаптылар іздестіріліп жатыр. Жергілікті полиция шабуылдың террористік әрекет емес екенін айтты. Атыс болған жер қоршауға алынған. Тергеу жүріп жатыр. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу