Елбасы «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті

17.11.2017

Тараптар еліміздің мұнай-газ секторындағы қазіргі ахуал мен ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде «Қарашығанақ» пен «Қашаған» жобаларын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы «Royal Dutch Shell» концерні халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға белсенді атсалысқанын айтып, компания басшылығына ризашылық білдірді. Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан жұртшылығын халықаралық көрменің табысты өтуімен құттықтады.

Бен ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

- Бізде Президент мырзамен өте мазмұнды кездесу болды. «Қашаған», «Қарашығанақ» жобалары бойынша ақылдастық. Бұл ел үшін ең ірі екі жоба. Ал, ертең 18 қарашада аталған кен орындарына қатысты өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толатынын атап өтеміз. Осы екі жобаны іске асыруда Қазақстан Президентінің ерекше рөл атқарғанын айтқым келеді. Біз инвестор ретінде екі жобаның ел экономикасына оң әсерін ерекше бағалаймыз және мақтан тұтамыз. Біз бұл екі жобаның жұмысы әрі қарай жалғаса беретініне сенімдіміз және энергия ресурсы саласында өз жұмысымызды кеңейтуге баса мән беретін боламыз.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу