Бір-бірін аяусыз соққыға жыққан мектеп оқушыларының қатігездігі бүгінде қоғам назарында. Әлеуметтік желіде белсенділер қызу талқылап жатыр. Сонымен мектептегі әлімжеттікке кім жауапты? Бұл сауалға халық не дейді?
Қала тұрғыны:
Ата-ананың жауапкершілігі 1-орында тұрады. Өйткені, бала өзінің уақытын үйінде көп өткізеді. Баланың қиналып жүргенін, не ойландыратынын ата-ана жақсы білуі керек.
Қала тұрғыны:
Соткіден неше түрлі төбелестерді көреді, тик-токтан неше түрлі нәрселер, түсірілімдер болып жатыр ғой енді қазіргі заманда. Соны көріп алып, балалар бір-біріне соны қайталайды деп ойлаймын. Мектепте де соны жасайды деп ойлаймын.
Қала тұрғыны:
Көбі ата-аналарды кінәлайды, кім баласына жаман болсын деп айтады. Ата-ана олай айтпайды. Мектептегі мұғалімдер бәріне кінәлі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектептегі әлімжеттікке кім жауапты?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/174320/)