Мектептегі оқушының қауіпсіздігіне кім жауапты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептегі оқушының қауіпсіздігіне кім жауапты?

22.12.2019

Былтыр атақты миллиардер Билл Гейтс Қытайда өткен форумда сусыз жұмыс істейтін, канализациялық құбырға қосудың қажеті жоқ туалеттің жобасын көрсеткені мәлім. Қалдықтарды химикаттар арқылы тыңайтқышқа айналдыратын. «Мәссаған» дейтін унитаз, бір сөзбен айтқанда. Гейтс пен жұбайы Мелинданың қайырымдылық қоры жобаға 200 миллион доллар бөлген, ал оны жаппай сатылымға шығару үшін тағы сонша жұмсайтындарын айтқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше нашар санитарияның кесірінен жылына 5 жасқа дейінгі жарты миллион бала көз жұмады.

Жүрегі ізгілікке толы миллиардердің жобасы іске асса жақсы болар еді. Біздің елімізге де аса қажет екені рас қой. Иә, арзан болмайтын шығар деген ой мазалайды. Дегенмен ең болмағанда мектептерге алатын шығар. Балаларды антисанитариядан, бүрсеңдеп тоңудан құтқару керек.

Және... Және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолы мұғалімге дәретхана күзеттіру деп, шылқылдаған аяқкиім ауыстыруға мектепке кірген мұғалімді участокқа дедектетіп алып кету тыйылар еді. Полицияны реформалау идеясына скептикалық тұрғыдан қарайтындар мен полиция сервистік сипат алады дегенге ащы жымиятындарды «уот, айттым ғой» дегізетін оқиға туралы…

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу