Мектеп асханаларындағы бағаны төмендету керек – Аймағамбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп асханаларындағы бағаны төмендету керек – Аймағамбетов

21.06.2022

Мектеп асханаларындағы баға бассыз кеткен. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармаларына осы мәселені бақылауға алып, бағаларды төмендетуді тапсырды.

Мектептегі кейбір буфеттер жарты литр судың өзін 350 теңгеден сататынын сынға алды. Министрдің айтуынша, мектептегі ас мәзірін қайта қарау керек. Қажет болса заң актілеріне түзетулер енгізіледі. Бұл мәселені жаңа оқу маусымына дейін шешуді тапсырды.

Ас мәзірі ата-аналарға әлеуметтік желі немесе сайт арқылы қолжетімді болуы тиіс екеніне де назар аударды.  

Хабарламаларға жазылу