Маңғыстауда қой шаруашылығына қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қой шаруашылығына қолдау қажет

07.04.2023

Асыл тұқымды қой өсіретін шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін көмек жеткіліксіз. Маңғыстаулық шаруалардың айтуынша, жылына бір рет әр қойдың жем-шөбіне 5 мың теңгеден субсидия қарастырылған. Бірақ оның өзі жыл соңында әрең беріледі. Сондықтан шаруалар бар тапқан-таянғанын малдың азығына жұмсап отыр. Өйткені, шөлейтті аймақта асыл тұқымды түлік өсіру оңай емес.

«Сенек» шаруа қожалығы кеңшар кезінінен асыл тұқымды қаракөл қойын өсірумен айналысады. 2004-жылдан бері серіктестік қара түсті қарақөл өсіруді қолға алды. Бүгінде 2 мыңнан астам қойы бар. Шаруашылықтың зоотехнигі Аманжол Тасмағанбетовтың айтуынша, шөлейтті аймақта мемлекеттің көмегінсіз шаруашылықты дамыту мүмкін емес. Сондықтан жылына бір рет берілетін субсидияның көлемін көбейту қажет.

Аманжол Тасмағанбетов, зоотехник:

1 қойға сөздің шыны керек біздің шығынымыз Үстіртке көшеміз 150-200 км ге көшіқон бар, тасымалдың шығындары көп біздерге. Жем шөптің шығындары бар оны тасу бар дегенді есептегенде 15 мың теңгеден 1 қойға шығынды біз есептеп отырмыз. Сондықтан бізге 10 мың теңгеден бізге шығын болса, өзімізді қалыпты жағдайға алып кетеміз деген есебіміз бар.

Қаракөл қойы - маңғыстаудың шөлейтті табиғатына шыдамды. Оған қоса, елтірісі әлемдік нарықта бағалы. Осыған байланысты «Қабыл» шаруа қожалығы 2 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен 200 қой алып, өсіре бастады. Алайда, бірден қуаңшылыққа тап болыпты. Қиындықты өз күшімен еңсеріп, қазір қой санын 300 ден асырған.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Қаракөлдің басқа қойлардан ерекшелігі- оның етінде. Себебі, түліктің еті ерекше дәмді сондықтан шет елдерде сұранысқа ие екен. Ал өнім сапалы болу үшін оларға құнарлы жем-шөп берілуі тиіс. мысалы 1 қаракөл қойы күніне 300 грамм арпа жейді.

Шаруа қожалығы болашақта жүні мен терісін өңдемек. Қазір оларды жинап қоюға мәжбүр. Кәсіпкер шаруаларға арналған мемлекеттік көмек туралы дер кезінде естімейміз деп шағымданды. Яғни ақпарат жетіспейді. Ал, субсидия кеш беріледі.

Елемес Сәрсекенов, шаруа қожалығының басшысы:

Жылдың аяғында алған өзіңіз білесіз баға өсіп кетеді да жем-шөпке. Жылдың басында берсе ол көмек дұрыс көмек болар еді шаруа қожалықтарына. Жүнін ия болмаса терісін тапсыра алмай отырмыз. Өңдейтін мекемелер жоқ.

Облыста асыл тұқымды мал өсіретін 70 шаруа қожалығы бар. Оларға ірі қараға-10 мың, уақ малға 2500 теңгеден беріліп келген. Ал, былтырдан бері демеу қаржының көлемі 2 есеге өскен.

Бердібек Марқабаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Аз дегенге мен өзім айтатыным, жылдан-жылға өсіріп келе жатырмыз ғой. Жобадан шығып отыр енді. біз малды бүткіл жем-шөбін алып беру міндет емес, бұл тек көмек көрсетіп отырған бізде қазіргі таңда. Кішігірім көмек көрсетіп отырмыз деп айтуға болады жем-шөп жағынан.

Басқарма өкілінің мәліметінше, биыл жем-шөпке облыстық бюджеттен 818 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның шамамен 400 млн теңгесі төленген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу