Жамбыл облысында мұғалімдерге жалақы заңсыз төленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында мұғалімдерге жалақы заңсыз төленген

05.04.2023

Жамбыл облысында мұғалімдер 24 миллион теңге заңсыз айлық алған. Бұл қаржы алты аудандағы мүгедектігі бар 225 баланы үйде оқыту үшін бөлінген. Алайда ұстаздар оларға мүлдем сабақ бермесе де, жалақы алғаны анықталды. Мысалы, Байзақ ауданында 26 мектептің отызға жуық мұғаліміне 11 миллион теңгеден астам айлық аударылған. Қазір қаржы құйтырқылығына қатысы бар 253 ұстазға шара қолдану мәселесі қаралып жатыр. Жалпы Жамбылда сегіз мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала болса, олардың 10 пайызы үйден оқытылады.

Еркін Қуанышев, облыс прокурорының аға көмекшісі:

Ең бастысы, үкіметке келтірілген 24 миллион теңге бюджетке кері қайтарылып орнына қойылды. Осы заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ай сайын салыстырмалы акт жасалатын болды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу