В.Зеленский Варшаваға пойызбен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Зеленский Варшаваға пойызбен барды

05.04.2023

Украина президенті Владимир Зеленский жұбайы Алена Зеленскаямен бірге пойызға отырып, Польшаға барды. Варшавада елдің президенті Анджей Дудамен кездесті. «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Зеленский осы сапарында көрші елге қолдауы үшін алғыс білдіреді. Бұған дейін Украина лидері АҚШ, Ұлыбритания мен Бельгияға барды. Ал бұл жолы Зеленский Польшаға аттанатынын ешкімнен жасырмай, алдын ала хабарлаған. Кей сарапшылардың ойынша, бұл кездесу қауіпсіздік мәселесінде Польшаның рөлі артып келе жатқанын көрсетеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу