Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаядан вирус анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаядан вирус анықталған

14.06.2020

Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаядан да вирус анықталған, ол ауру белгілері байқалмағанын айтады, қазір оқшау өмір сүріп жатыр. Балалары мен жолдасынан алынған тест теріс нәтиже көрсеткен. Айтпақшы, В.Зеленскийдің өзі Хмельницкий қаласында барғанда жұмыс істеуі тиіс емес дәмханада кофе ішіп, қасындағылармен қоса, оған да әкімшілік хаттамасы толтырылғаны хабарланған. Ал апта басында Украина президенті В.Зеленский Covid-19 вирусымен ауырғысы келетінін айтқан, коронавирустың қауіпті екенін, бірақ оба еместігін ұғатын едік — деген. Жалпы, дәрігерлер вирустың әркімге әрқалай әсер ететінін, адамдардың әртүрлі ауыратынын баяғыда ескерткен.


Хабарламаларға жазылу