Сарайшық Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарайшық Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған

11.07.2015
Сарайшық Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған

Бүгінде Атырау қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан көне қалашықтың маңынан мұражай салынып, қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдіргерлер сонда қойылған.

Төрт ғасырға жуық уақыт аралығында Сарайшық қаласын 100-ге тарта хан билеген. Олардың жетеуі осы көне шаһарда жерленген. Бүгінде мұражай жанынан олардың рухына арнап кесене тұрғызылған. Айта кету керек, 7 ханның біреуі 1511-1518 жылдары Қазақ хандығын басқарған Қасым хан.

Дәл осы Қасым ханның кезінде Сарайшық Қазақ хандығының астанасы болды. Ол кезде халық саны 1 миллионнан асқан. Ханның 100 мыңнан астам әскері бар еді. Ал, ұзындығы 10, ені 8 шақырымға созылған елордада 250-300 мыңдай халық тұрған.

1996-2009 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 4 мыңнан аса құнды жәдігер табылып, жергілікті мұражайға қойылды. Бүгінде «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығына жылына 30 мыңға жуық турист келеді.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу