Сарайшықтағы қабір Қасым ханның жерленген орны болуы мүмкін - археологтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарайшықтағы қабір Қасым ханның жерленген орны болуы мүмкін - археологтар

18.10.2020

Атыраудан елең еткізетін жаңалық. Өз дәуірінде Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықтан ерекше қабір табылды. Оны археологтар ұлтымыздың ұлы тұлғасы — Қасым ханның жерленген орны болуы мүмкін деп болжайды. Ұлы Жібек жолы бойындағы Сарайшықтың өркендеп, дәуірлеген тұсы Қасым ханның есімімен байланыстырылатынын жақсы білеміз.

Аршылып жатқан кесенені көру үшін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов барған, археологтар 8 метрлік іргетасын қазып, адам сүйектеріне де жеткенін, оларды бүлдірмей алу үшін қабірдің үстінде бертінде пайда болған зираттағы мәйіттердің өзге жерге көшірілетінін айтты. Жергілікті имам мен зиратта жатқан марқұмдардың ұрпақтары тиісті рұқсатын берген. Ал мазар аумағын тазалау сияқты негізгі жұмыстар келер жылы басталмақ. Кесенені зерттеуге белгілі антропологтар, археологтар мен этнограф-ғалымдар тартылады. Тарихшылар былтыр Ресей мұрағатынан табылған Сарайшық қаласының көне естелік-сызбасына сүйенгендерін де айтады.  


Сарайшық Қасым хан

Хабарламаларға жазылу