Басты Жаңалықтар Қызылордада тоғыз шаруашылық күріш бағасын негізсіз өсірген

Қызылордада тоғыз шаруашылық күріш бағасын негізсіз өсірген

Қызылорда облысында күріштің нарықтағы бағасын негізсіз өсірген 9 шаруашылыққа қатысты тексеру жүріп жатыр. Мониторингтік топ базардағы азық-түлік бағамын сырттай талдап, күріштің өзіндік құны 70-80 теңгеге дейін негізсіз көтерілгенін анықтаған. Яғни, кәсіпкерлер өзара ымыраға келіп, бағаны шарықтатып жіберген. Қазір 3 кәсіпорын 1 келі күріштің құнын 420-дан 350 теңгеге түсірді. Қалғандарына қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Нұрбол Әлкебайұлы, облыстық экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:

Бірлесіп атқарған іш-шаралардың нәтижесінде 350 теңгеге қазір облыстық тұрақтандыру қорына 350 теңгеден беруге келісті. Үш компания, қалған алты компанияға бәсекелестікті қорғау департаментімен тексеру жүргізілуде.

Әділбек Серікұлы


Бөлісу