Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

24.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады. Ренат Бектұров былтырғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Бүгінде орталықтағы компаниялардың саны 1800-ден асқан. Одан бөлек Халықаралық сот және Арбитраж қызметі 1650-ден астам істі қарап, шешім қабылданған. Кездесу соңында Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ ауқымды инвестиция тарту керек екеніне назар аударды.

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Сонымен қатар Мемлекет басшысына жаңартылған стратегия барысында, яғни жаңа инновациондық қаржы құралдары оның ішінде вертуальды активтерді дамыту жұмысы қалай атқарылып жатқанын және біздің мемлекетіміздің осы көміртектік бейтараптыққа қол жеткізудегі орталықтың ролі бойынша сөз қозғадым. Мемлекет басшысы өзі ТрансКаспий халықарылық көлік маршртутын дамытуда инвестициялар тарту жұмысын күшейтуді маған мақсат етіп ретінде қойды.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу