АҚШ Мемлекеттік департаменті Наурыз мерекесін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мемлекеттік департаменті Наурыз мерекесін өткізді

24.03.2023

АҚШ Мемлекеттік департаменті Наурыз мерекесін өткізді. Шараға Орталық Азия елдері мен Әзербайжан және Түркияның дипломаттары қатысты деп хабарлайлы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы. Американың жоғары лауазымды шенеуніктері құттықтау сөз сөйлеп, лебіздерімен бөлісті. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерман әлемде үш жүз миллионнан астам адам үшін Наурыз жаңару, татулық пен бейбітшілік мерекесі екенін айтты. Ал Қорғаныс министрінің өкілі Америка отыз жыл бұрын Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігін алғаш мойындаған елдердің қатарында болғанын және сол ұстанымға берік екенін еске салды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу