Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады

20.03.2023

АҚШ Президенті Джо Байден ДЕ Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

– Елдеріміздің арасындағы өзара стратегиялық серіктестік пен халықтарымыздың достық қарым-қатынасы бүкіл аймақтағы бейбітшілікті сақтауға және өңірді өркендетуге септігін тигізеді. Бүгін Астанадан Алматыға дейінгі және бүкіл ел тұрғындары көктемгі жаңару мерекесін тойлайды. Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын!


Хабарламаларға жазылу