Солтүстік Кореяда 1,4 млн адам Америкамен соғысуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда 1,4 млн адам Америкамен соғысуға дайын

20.03.2023

Солтүстік Кореяның 1,4 миллион азаматы Америка Құрама Штаттарымен соғысуға өз еріктерімен жазылып жатыр. Мұны бүгін осы елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Сонымен қатар, ел лидері Ким Чен Ын армияны АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ядролық қарымта шабуыл жасауға машықтандыратын жаттығуды қадағалаған.

Айта кетсек, жақында Корей түбегінде Америка мен Оңтүстік Корея бірлескен әскери маневрларды күшейтті. Ал, Пхеньян мұны Солтүстік Кореяға басып кіруге әзірлік деп есептейді. Вашингтон мен Сеул болса, бұл мәлімдемеге қатысты қандайда бір түсініктеме бермей отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу