Наурыз мейрамы қарсаңында халықаралық радиокөпір өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мейрамы қарсаңында халықаралық радиокөпір өтіп жатыр

20.03.2023

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ радиосының әуе толқынында Халықаралық радиокөпір өтіп жатыр. Тоғыз елдің қатысуымен ұйымдастырылған шара он сағатқа жалғасады. Қазақ радиоларынан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы тікелей эфирге қосылсын. Оңғар, бұл жолға шараның өзгешелігі қандай?

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Радиокөпір 2021 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ең алғаш қазақ радосының 100 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Биыл да жалғасын тауып, бүгін эфирге шықты. Бұл жолы Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Татарстан және Башқұртстан Республикаларының радиоарналары эфирге қосылып, ортақ мерекені атап өту ерекшеліктері туралы айтады. Ал, радиокөпірдің ерекшелігін Қазақ радиосының директоры Дулат мырза айтып берсін. Бұл шараға шет елдерде жүрген қандастар да қатысатынын айта кетейін. Осылайша бауырлас елдердің радиоарналары наурыз мерекесіне жаңаша шырай беріп, ауқымын кеңейтуге үлес қосады. Сондай-ақ жаңарудың, татулық пен бірліктің мерекесі саналатын наурыз арналаардың ғана емес тұтас елдердің ынтымағын арттыруға септігін тигізетіні анық.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу