Астанада аналар сән көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аналар сән көрсетті

22.03.2018

Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген кешке 50 шақты әйел қатысты. Олардың арасында көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәсіпкерлер бар. Ерекше шараға қатысушыларға бойының ұзындығы, салмағы, әлеуметтік дәрежесі, діні, білімі жөнінен еш шектеу қойылмады. Бастысы, ол ана болуы керек. Сән көрсетілімінің көрермендері болған - модельдердің балалары, жақын туыстары. Қатысушылар отандық дизайнерлердің киімін киіп шықты. Жоба ұйымдастырушыларының сөзінше, мұндай бастама алғаш рет өткізіліп отыр, алайда, елордалық аналардың кең қолдауына ие болған. «Ана, сен жұлдызсың» жобасына 64 жастағы қала тұрғыны да қатысты. 

Үміт Қайролданова, қатысушы:

- Наурыз мерекесі қарсаңында балаларым сыйлық жасап, осындай мерекеге қатыстырып жатыр. Бұл өзіңді әйел ретінде, ана ретінде сезінуге мұрсат беретін мереке екен. Өте қуаныштымын.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу