Бүгін – Толымбек Әлімбекұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Толымбек Әлімбекұлының туған күні

18.03.2015
Бүгін – Толымбек Әлімбекұлының туған күні

Сықақшы,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Толымбек Әлімбекұлы  бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Балалық шағым туралы повесть бастадым. Орта шеніне келіп қалдым. «Қара құйын» деп аталады. Балалық шақ – ең бір тәтті шақ қой. Балалық тентектік, мінез бар. Соның есте қалғандары қағазға түсіп жатыр»,-дейді шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліскен сатирик.

«Өзім Наурыз мейрамы қарсаңында дүниеге келгендіктен, маған бұл мейрам өте ыстық. Бұл – татулықтың, берекенің мейрамы. Баршамызға Наурыз құтты болсын».

Сатириктің «Әйел мен паста» атты әзіл өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу