ОСК: 3 млн 700 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК: 3 млн 700 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерген

19.03.2023

Осы уақытқа дейін еліміз бойынша 3 млн 700 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерген. Орталық комиссиясы келтірген соңғы деректер осындай. Қазір сол орталықтан әріптесім Айя Мүтәлі ақпарат беруге дайын тұр. Айя, халықтың белсенділігі қандай?

Айя Мүтәлі, тілші:

Дархан, халықтың белсенділігі сағат сайын артып келеді. Соңғы есеп бойынша дауыс беруге құқылы 12 млннан астам адамның 30 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Таңертең ғана жамбылдықтар ең белсенді болса, енді Түркістан облысы көш басына шықты. Өңір халқының 38 пайызы дауыс берген. Одан кейін Қостанай облысының 37 пайыз тұрғыны сайлау учаскесіне келіп, бюллетень алған. Ал алматылықтардың әдеттегідей белсенділігі төмен. Қала жұртының 11 пайызы ғана өз таңдауын жасапты. Алматыдан бөлек, Астана, Шымкент сияқты мегополис тұрғындары да дауыс беруге асықпайтын секілді.

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 

Астана қаласы бойынша - 23,35%, Алматы қаласы бойынша – 11,25%, Шымкент қаласы бойынша – 19,63 %.

 Айя Мүтәлі, тілші:

Дегенмен, бұл көрсеткіш тағы өзгеруі мүмкін. Орталық сайлау комиссиясы қазір халықтың осы сәтке дейінгі белсенділігі жөнінде тағы бір брифинг өткізбек. Жалпы бүгін 12 млннан астам адамның дауыс беруге құқы бар. Сайлаушылардың көбі Түркістан облысының тұрғындары. Мұнда 1 млн-нан астам адам өз таңдауын жасай алады. Ал ең аз тіркелгені ұлытаулықтар. Мұнда 138 мың сайлаушы бар. Мендегі бар ақпарат осы. Дархан?

 Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу