Түркияда зілзаладан экономикаға 105 млрд доллар шығын келген
Түркияда ақпанның 6-да болған зілзаладан экономикаға 105 миллиард доллар шығын келген. Мұны осы елдің қазына және қаржы министрлігі мәлімдеді. Оның болжамынша, жойқын жер сілкіністерінен биыл Түркияның жалпы ішкі өнімі 9 пайызға қысқаруы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, үйлердің қирауы экономикаға ең ауыр салмақ түсірейін деп отыр. Өйткені оларды қайта салуға немесе қалпына келтіруге кемінде 56 миллиард доллардан астам қаражат кетуі ықтимал.
Түркияның 11 провинциясында, өткен айдың басында болған жер дүмпулерінен 48 мыңнан аса адам қаза тапты. Ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03