Иранда Наурыз мерекесіне дайындық жүріп жатыр. Елдің бүкіл базарларында халық көбейіп, сауда қыза түсті. Айта кету керек, халықаралық санкциялардың салдарынан Иран ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Ұлттық валюта мейлінше құнсызданып кетті. Мәселен, АҚШ доллары 2015 жылы 32 мың риал тұрса, осы айда оның нарқы 600 мың риалға жеткен. Соның салдарынан Ислам Республикасында инфляция шарықтап, жергілікті тұрғындар қымбатшылыққа жиі шағымданатын болды.
Арыстан Рысбек