Грекияда шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда шерулер жалғасып жатыр

06.03.2023

Грекияда болған пойыз апатынан кейін елде шерулер тыйылмай тұр. Наразы жұрт Афиныда полициямен қақтығысты. Олар қоқыс жәшіктерін өртеп, тәртіп сақшыларына жанғыш зат құйылған бөтелкелерді лақтырған. Ал полиция шерушілерді тарату үшін құлақ тұндыратын гранаталар қолданды. Бұдан бөлек, кәсіподақтардың ереуілі жалғасып жатыр. Ал Грекия премьер-министрі 57 адамның өмірін жалмаған трагедия үшін халықтан кешірім сұрады. Еске салайық, пойыз апаты наурыздың 1-де болды. Қарама-қарсы бағытта қозғалған жолаушылар пойызы мен жүк тиеген состав соқтығысқан. Абайсызда адам өлтірді деген күдікпен станция басшысы ұсталды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу