Францияда шерулер әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда шерулер әлі жалғасып жатыр

14.04.2023

Бұл Париждегі шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласқан сәті. Франция астанасында президенттің зейнетақы реформасына қарсы акцияның өтіп жатқанына 12 күн болды. Халық қоқысты өртеп, бір көлікті жағып жіберген. Ал, Бастилия алаңындағы шеруге жиналғандар полициямен қақтығысты. Тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ бен су шашатын көліктерді қолданған. Мемлекет басшысы Эммануэль Макрон азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтерді. Мақсат – зейнетақы қорын күйреуден қорғау. Ал, кәсіподақтар биліктен қаржы үнемдеудің өзге жолын іздеуді талап етіп отыр. .

Кэроль, тарих және театр пәнінің мұғалімі:

Қазіргі атмосфера қиын. Бізде тыңдағысы келмейтін үкімет бар. Француздар қатты ашулы, мұндай реформаны қабылдай алмаймыз. Оны біз өткізбейміз де. Қазір өте шиеленіскен ахуал қалыптасып тұр. Ал, үкімет полицияның зорлық-зомбылығымен сол жағдайды тіпті нашарлатып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу