Басты Жаңалықтар Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен тағы бір азамат ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір ол сот санкциясымен қамауда отыр. Күдікті Аркадий Клебанов - Қазақстан азаматы. Құзырлылардың мәліметінше, ол қылмысын мойындаған. Шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын және өзінің жеке себептері болғанын айтқан.

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің басшысы:

Клебанов-Маневич хакерлер мен әрекеттерді орындаушылар тобын жалдады. Ол арандатушылықтың мақсаттары мен нұсқаларын өзі таңдады. Ол криптовалютамен операциялардан түскен пайдадан орындаушыларға қаламақы төледі.

Айя Мүтәлі


Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу