Ақмола облысында мектептегі күзетшілерге талап өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мектептегі күзетшілерге талап өзгереді

01.03.2023

Ақмола облысында мектеп және басқа да білім мекемелеріндегі күзетшілерге қойылатын талап өзгереді. Енді қызметкерді жұмысқа алу кезінде олардың жасы, физикалық дайындығы және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстай білуі ескеріледі. Облыста 800-ден астам білім беру мекемесінің 25 пайызында ғана мамандандырылған күзет бар. Барлық мектепте бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, олардың тең жартысы полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.



Хабарламаларға жазылу