Ақмола облысында мыңнан аса нысан санитарлық талапты сақтамаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мыңнан аса нысан санитарлық талапты сақтамаған

12.06.2020

Ақмола облысында карантин тәртібін бұзғандарға қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолданды. Аймақта тексерілген 7 мыңнан аса нысанның 1 мыңнан астамында санитарлық талап сақталмаған. Мамандар осы уақытқа дейін ескертумен шектеліп келді. Олар енді әкімшілік жазаға тартуға мәжбүр екенін айтады. Себебі карантин талаптарына немқұрайлы қарайтындар көп. Маскасыз жүреді, арақашықтық сақталмайды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу