Павлодар педагогикалық университетіне Әлкей Марғұланның есімі беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар педагогикалық университетіне Әлкей Марғұланның есімі беріледі

21.06.2022

Павлодар педагогикалық университетіне ғалым Әлкей Марғұланның есімі беріледі. Ономастикалық комиссия отырысында осындай шешім қабылданды.

Елдің бірқатар өңірінде көше және нысан атаулары өзгереді. Мемлекеттік органдардан 182 өтініш келіп түскен. Комиссия олардың басым бөлігін қолдады. Өтініш білім беру мекемелері және Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларынан түскен.

Айта кету керек, жергілікті тұрғындар мен мәслихаттың пікірі ескерілді.


Хабарламаларға жазылу