«Astana LRT» құрылысын аяқтауға 50 млрд теңге бөлінеді – министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana LRT» құрылысын аяқтауға 50 млрд теңге бөлінеді – министр

28.02.2023

«Astana LRT» құрылысын аяқтауға 50 млрд теңге бөлінеді. Қомақты қаражат сәуір айында қала әкімдігіне аударылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, миллиардтардың басым бөлігі вагон сатып алуға жұмсалмақ. Ал құрылыс жұмыстары Астана әуежайы маңынан басталады, деді.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қаражат бөлу мәселесі бүгін ғана республикалық бюджет комиссиясында қаралды. Одан кейін Парламентте қаралып, содан кейін қол қойылады. Менің пайымымша, қазір ақпан айы десек, шамамен сәуір айының басында қаржыны әкімдікке аударамыз.
Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу