Қазақ радиосында «Мың алғыс» радиомарафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосында «Мың алғыс» радиомарафоны өтеді

28.02.2023

Бірінші наурыз күні Қазақ радиосында тікелей эфирде 10 сағат бойы «Мың алғыс» радиомарафоны өтеді. «Қазақстан» телерадиокорпарациясының ауқымды шарасы биыл бесінші мәрте ұйымдастырылмақ.

Осы кезге дейін қайырымдылық шарасы арқылы еліміздегі мұқтаж отбасылар мен дертке шалдыққан жандардың еміне 255 миллион теңгеден астам қаржы көмек көрсетілген. Бірақ, биылғы радиомарафонда халықтан жылу жиналмайды. Радио басшылығы форматқа өзгерістер енгізіп отыр.

Қымбат Досжан, жоба авторы:

Қазақ радиосын тыңдаушылар сағат 9-дан 10 минут өткен кезде қосса біздің «Мың алғыс» тікелей эфирде жүріп жатады. Бұл күні «Алғыс айту» күні болғандықтан меценаттар, қоғам өкілдері, жәй қарапайым адамдар, дәрігер, ұстаз, етікші, көше сыпырушы деген секілді жандар біздік радиомарафонның кейіпкерлері.


Хабарламаларға жазылу