«Мың алғыс» радиомарафонының тікелей эфирде жүріп жатқанына сегіз сағаттан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың алғыс» радиомарафонының тікелей эфирде жүріп жатқанына сегіз сағаттан асты

01.03.2023

Қазақ радиосында «Мың алғыс» қайырымдылық радиомарафоны жалғасып жатыр. Алғыс күніне орай ұйымдастырылған тікелей эфирдің жүріп жатқанына сегіз сағаттан асты. Осы уақытта радио студиясына жақсылық жасап алғысқа бөлінген азаматтардан бастап түрлі кәсіп иелері, өнерпаздар мен спорт саңлақтары келді. Сүбелі сұхбат болып, әуезді әндер орындалды. Радио қызметкерлері де тұрақты тыңдармандарына хабарласып, алғыстарын айтты. Айта кетейік марафон кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу