Қазақ радиосы «Мың алғыс» қайырымдылық радиомарафонын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы «Мың алғыс» қайырымдылық радиомарафонын өткізеді

27.02.2023
Қазақ радиосы «Мың алғыс» қайырымдылық радиомарафонын өткізеді

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосы тікелей эфирде 10 сағат бойы радиомарафон өткізеді. «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ.

Жалпы 4 жылдың ішінде «Мың алғыс» хабары мен қайырылымдылық радиомарафоны аясында мұқтаж жандарға 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

1 наурыз күні сағат 9:00-19:00 аралығында өтетін «Мың алғыс» радиомарафонына жақсылық жасап, алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтқарушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар, тұрақты радио тыңдарманы қатысады. 

Хабарламаларға жазылу