Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарында тасқыннан зардап шеккендерді эвакуациялау жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарында тасқыннан зардап шеккендерді эвакуациялау жалғасып жатыр

19.04.2024

Тасқынның екінші толқыны болады деп болжанған, Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар Батыс Қазақстан облысындағы мыңнан астам аула мен 23 саяжай бірлестігін аралап, бірнеше отбасы мен жан-жануарларды эвакуациялаған. Солтүстік Қазақстан облысына елордалық құтқарушылар жәрдемдесіп жүр. Олар қауіпті елдімекендердегі адамдарды күні-түні қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Жалпы, тасқын басталғалы бері ел аумағында 118 мыңнан астам эвакуацияланған. Оның 20 мыңға жуығы, қауіп сейілген соң үйлеріне қайта оралған.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу