Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

Бірер сағаттан соң Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы басталады. Бұл жолғы басқосу Қытайдан Анадолыға ауып, әрі қарай Еуропаға қазақтың көшін бастаған Шыңжаң қазақтары ұлт-азаттық күресінің басшысы Елісхан Әліпұлының рухына арналады.
Биылғы шараға әрісі Америка, берісі Түркиядан әлемнің 10 елінен 2 мыңға жуық қандасымыз қатысады. Шеттегі қандастарымыз қазір Нидерланд астанасына жиналып жатыр.
Тойдың құрметіне Еуропа қазақ жастары командалары арасында футбол ұйымдастырылған. Кішкентай балалар қазақ күресі, асық ойындарынан өзара бәсекеге түседі.
Екі күнге созылатын шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері ана тілі, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің сақталуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05