Сайлауды бақылауға 97 байқаушы тіркелді
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бейнебайланыс арқылы ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен сөйлесті. Комиссия Төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлауға дайындық барысы туралы аз-кем ақпарат берді. Бұдан бөлек, қазір саяси науқанды бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен де кездесу өтіп жатыр.
Асылбек Данияр, тіліш:Қазірше 11 елден 97 байқаушы ресми тіркелген. Тіркеу 13 наурызға дейін жалғасады. Соның бір парасы ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары. Жиында, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбіров халықаралық ұйым Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Дмитрий Кобицкийге биылға сайлаудың ерекшелігін түсіндірді. Сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Ұйым өкілдері кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелерін сұрады. Сондай-ақ Нұрлан Әбіров сайлау кезінде комиссиясының кедергісіз, сапалы жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05