Шымкентте аңшылық дүкенге шабуыл жасаған күдіктіге 3 түрлі қылмыстық айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте аңшылық дүкенге шабуыл жасаған күдіктіге 3 түрлі қылмыстық айып тағылды

22.02.2023

Шымкентте аңшылық дүкенге қарулы шабуыл жасаған азаматтың әрекетіне байланысты Қылмыстық кодектсің үш бабы бойынша іс қозғалды. Оған қарулы шабыл жасау, адам өлтіруге оқталу және қаруды заңсыз сақтап, алып жүрді деген айып тағылып отыр.

Шабуыл кезінде күдікті дүкен сатушысын кепілдікке алып, күзет қызметкерін қорқытқан және райынан қайтпайтынын білдіріп, шолақ мылтықтан аспанға оқ атқан. Қақтығыс кезінде күзетшілердің бірі жарақат алды. Ал күдіктінінің ізіне түсіп, оны ұстау кезінде батылдық танытқан полиция қызметкері Арман Әріпжанов Ішкі істер министрілігінің «Құрмет» грамотасына ұсынылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу