Шымкентте күдіктіні қинаған полицейлер тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте күдіктіні қинаған полицейлер тергеліп жатыр

16.03.2023

Шымкентте күдікті тергеу кезінде қайтыс болған. Осы іске қатысты қазір Полиция департаментінің 4 бірдей лауазымды қызметкері сотқа жауап беріп жатыр. Тәртіп сақшылары құны 20 миллион теңге тұратын «Lexus» автокөлігін ұрлағаны үшін екі азаматты құрықтаған. Тергеу кезінде көз жұмған күдіктіге қатысты іс жабылды. Дегенмен, оның екінші сыбайласы ұрлық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал басы дауға қалған лауазым иелеріне қылмысты мойындату үшін күдіктілерді ұрып- соқты деген айып тағылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу